Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды

Сенбі, 18 Мамыр 2019, 19:22:05

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының құрылыс жұмыстарын уақытылы іске асыру және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету барысын тексерді.

ҚР Үкіметінің басшысы облыс орталығына келген бойда «TurkistanInternationalAirport» халықаралық әуежайының құрылысының орнына капсула салу рәсіміне қатысты. Жоба YDA Holding түрік компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады, тартылатын инвестициялар көлемі $70 млн астамды құрайды.

YDA Holding басқарма төрағасы Арслан Хусейн әуежайдың халықаралық стандарттарға сай жобаланатынын және соңғы шыққан құрылыс технологияларын пайдаланыла отырып жүзеге асырылатынын айтты. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Нысанды 2020 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

Жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандар мен әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды салу барысы қаралды, олардың қатарында оқушылар сарайы, туристік бағыттағы колледж, спорт және музыка мектептері, спорт сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, аттракциондары бар парк, музыкалық фонтан, амфитеатр, сондай-ақ, облыстық әкімдік, медиа-орталық және конгресс холл бар.

Қаланың тарихи-мәдени орталығында Қ.А. Яссауи музейін, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, шығыс моншасын салу және визит-орталығының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары тексерілді.

Сонымен қатар, Премьер-Министр А. Мамин саябақ пен «Нұр-Сұлтан» алаңының, Неке сарайының, «Rixos Turkestan»  қонақ үйінің құрылысы басталған алаңдарды барып көрді.

Жаңадан салынып жатқан ғимараттарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында «Яссы» шағын станциясы салынатын болады. Қазіргі таңда оның іргетасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. А. Маминге нысанды 2020 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беру көзделіп отырғаны баяндалды.

Қаладағы жолдар сапасын жақсарту және көшелерін абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.  

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жалпы сомасы $750,2 млрд құрайтын 5 құжатқа қол қойылды:

1. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы $1,1 млрд сомасына Келес ауданында ауданы 500 га болатын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында $524 млрд сомасына «Түркістан» индустриялық аймағында энергетикалық жабдық пен бұйымдар шығару бойынша Қазақстан – Қытай индустриялық паркін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. ҚР Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасындағы $225 млрд сомасына Кентау қаласында қуаттылығы 200 мВт болатын «Қотырбұлақ» жел электр станциясы мен күн электр станциясын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасындағы $100 млн сомасына, қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, қуаттылығы 100 мВт болатын күн электр станцияларын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы $27 млн сомасына Сайрам ауданында аумағы 21 га болатын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Сәуір 2021, 19:29
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
21 Сәуір 2021, 18:02
ШОБ қолдау, жұмыспен қамту және жобаларды іске асыру — Қазақстанда МЖӘ қалай дамуда
21 Сәуір 2021, 15:56
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР-да салық реформасын іске асыру мәселелерін қарады
21 Сәуір 2021, 15:24
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның блокчейн-технологиялар ассоциациясының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады
21 Сәуір 2021, 10:53
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
20 Сәуір 2021, 18:24
Президент ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
20 Сәуір 2021, 18:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
20 Сәуір 2021, 14:37
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.04.2021
20 Сәуір 2021, 14:32
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады — ҚР ҰЭМ
20 Сәуір 2021, 12:42
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады
20 Сәуір 2021, 11:44
Қазақстан өңірлерінде шамамен 188 мың вакцина дозасы бар — А. Цой
20 Сәуір 2021, 11:26
Болжамды параметрлерді нақтылау азаматтардың өмірін жақсарту және экономиканы дамыту бойынша маңызды шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді — Ә. Смайылов
20 Сәуір 2021, 10:28
Үкімет ауылдағы тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін қарады
20 Сәуір 2021, 10:09
2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
20 Сәуір 2021, 09:52
А. Мамин халықты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
19 Сәуір 2021, 19:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
19 Сәуір 2021, 18:35
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті
19 Сәуір 2021, 15:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
19 Сәуір 2021, 14:53
Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады
19 Сәуір 2021, 13:58
20 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
19 Сәуір 2021, 13:18
Қ. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады
19 Сәуір 2021, 13:03
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.