Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Еңбек министрлігі 2020 жылғы дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесі жоспарын әзірлеуде

12 желтоқсан 2012, 11:21

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда  еңбек дауларын реттеу мен шешу жөніндегі әлеуметтік серіктестік институты мәселелері  қарастырылды,  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазақстанда   2020 жылғы дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары енгізілетін болады. Оның шеңберінде экономикалық жұмыстың барлық түрлері бойынша  кәсіби стандарттарды әзірлеу көзделуде», - делінген ҚР ЕХӘҚМ хабарламасында.

2013 жылдан бастап  еңбек  заңнамалары  негіздері    бойынша  құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру  мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру  жөнінде  шаралар қабылдау жоспарлануда.   

Ақпаратта атап көрсетілгендей, әлеуметтік жаңғырту  мақсаттарына сай,  кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында  кәсіподақтар туралы заңнамалар жетілдірілетін болады.

Қазіргі кезде  әлеуметтік ширығулардың алдын алудың  және  әлеуметтік-еңбек дауларын шешудің  бірқатар нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық бағыттағы басым шаралары енгізілген  Кешенді жоспары әзірленіп, қабылданған.