Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Швейцария елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді

11 маусым 2018, 15:37
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін).  

Анықтама:  Швейцария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 1 маусымда орнатылды.

2018 ж. қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $562 987 мыңды құрады. (экспорт – $531 266 мың, импорт – $31 721 мың).  2017 ж. тауар айналымы $3,2 млрд (экспорт — $3,1 млрд, импорт — $138 млн) құрады, бұл 2016 ж. салыстырғанда 21% көп.

Швейцариядан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялар ағымы 2005–2017 жж. аралығында $20 597,3 млн құрады.

2005–2017 жж. Қазақстаннан Швейцарияға тікелей инвестициялар көлемі $823 млн құрады. Швейцария соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық экспорттың жалпы көлемінен 63% жуығы экспортталған 6 елдің бірі (РФ, КХР, Италия, Нидерланды мен Франциядан кейін).

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз