Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

28 сәуір 2017, 10:32

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысу, сонымен қатар ҚР Үкіметінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын түсіндіру үшін Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.

ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы және индустриалдық кәсіпорындарға, инфрақұрылымдық нысандарға, білім және медицина мекемелеріне барады.

ҚР Премьер-Министрінің жұмыс кестесіндегі басты шаралардың бірі аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесуі болады. 

Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Талдықорған қаласындағы әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына  жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдың жаңа авиарейстерді дамыту бойынша перспективалары туралы баяндаманы тыңдады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құрылысы туралы баяндалды.  

Қазіргі кезде Талдықорған әуежайында жылына 26 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Әуе айлағының қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Талдықорғанның әуе айлағы Жетісудың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өңірлеріне бағытталған әуе қатынастары да даму үстінде. Жақын арада Өскемен мен Ресей Федерациясының қалаларына әуе рейстері ашылады. Өңірішілік маңыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына – Алакөл көліне – бұл Қазақстанның өзге облыстары мен көрші елдерден туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді.

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қазақстан аймақтарына сапары жалғасуда. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын аралады.