Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

29 наурыз 2017, 11:15

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына келді.

Сапар аясында Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты Жолдауын іске асыру барысын тексереді. Премьер-Министр бағдарламасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, өндірістік компанияларды, білім беру мекемелерін және тұрғын-үй нысандарын аралау жоспарланған.

Компаниялар, мемлекеттік органдар және салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысын және ел экономикасының, жалпы құрылыс саласының келешегін талқылайды. Бұдан өзге, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен іскерлік кеңес өткізу жоспарланған.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы республика үшін маңызды өнеркәсіптік маңызға ие. Өңірдің мұнай және газ өндіру, мұнай өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары, металлургия, қорғаныс, тау-кен өндірісі, тігін және азық-түлік салаларында өнеркәсібі бар.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарларын жалғастыруда. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барған болатын.