Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысына қатысты

05 қазан 2017, 19:15
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Yellow Pages Rule қағидаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері, корпоративтік басқаруды жақсарту шаралары мен негізгі құралдарды жаңартуды ынталандыруға, өндірістерді жаңғыртуға, сондай-ақ, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуге бағытталған шаралар жүйесі талқыланды.

Анықтама:

2015 жылдың көктемінде Yellow Pages Rule қағидаларын бекітетін заң қабылданды. «Сары беттер ережесі» — бизнесті мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектейтін іс-қимылдарынан тиімді қорғауға арналған. Сонымен қатар, егер бәсекелестікті шектеу тұрғысынан болған жағдайда, мемлекеттің қатысуымен бизнес құруға тыйым салатын норма тіркелген.