Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев білім беруді және отын-энергетикалық кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

05 сәуір 2018, 12:24
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім беру және отын-энергетикалық кешені салаларында 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Кеңес барысында білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова жаңа экономика қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша сөз сөйледі. Энергетика министрі Қ. Бозымбаев елдегі отын-энергетикалық кешенін дамыту бағыттары бойынша 2018 жылға арналған толық жұмыс жоспарын ұсынды.

 


 

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз