Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді

01 қараша 2017, 13:45
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді. 

Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, онда инвестициялар тарту мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Анықтама: Rothschild & Co — Ротшильдтер әулетіне тиісті, екі жүз жылдық тарихы бар халықаралық тәуелсіз қаржы-консультациялық фирмасы. Фирманың төрт бөлімшесі бар: жаһандық қаржылық кеңес беру, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, ауқатты клиенттердің активтерін басқару және институционалдық инвесторлардың активтерін басқару. 

Фирма 2010 жылдан бастап 419-дан астам мәміле жасаған, олардың жалпы құны $478 млрд құраған. Акционерлік капиталмен мәміле бойынша «Ротшильд» мамандары компанияның Лондондағы, Париждегі, Миландағы, Нью-Йорктегі, Гонконг және Сиднейдегі бөлімшелерінде бар. «Ротшильд» ТМД аумағында 1994 жылдан бері Ресейде қызмет істейді. Қазақстанда компанияның белсенді жұмысы 2006 жылдан басталған.