Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді

01 қараша 2017, 17:10
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жаңартылатын энергия саласындағы, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі мен логистика мәселесіндегі өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді.

Анықтама: Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 ж. ақпан айында орнаған. 2017 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы 253,8 мың долларды құраған, оның 252,4 мың доллары ҚР импортына тиісті. Импорт өсімі Иорданиядан әкелінген дәрі-дәрмек көлемінің ұлғаюына байланысты орын алды. 2005 жылдан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында Иорданиядан Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар түсімі $10,8 млн құрады.    

ҚР Үкіметі мен Иордания Хашимит Королдігі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру туралы келісімге 2006 жылғы 29 қарашада Амманда қол қойылды. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда Иордания капиталының қатысуымен 82 заңды тұлға мен өкілдіктер тіркелген.