Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев инновациялар саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді

15 ақпан 2018, 17:06
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаһандық технологиялық атқарымдарды пайдалану және отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.

Анықтама: Гюнтер Паули «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы, онда табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатыны көрсетілген. Ол қазба ресурстарын пайдалаудан әлдеқайда қарапайым және экологиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индустриялық үдерістерге балама ұсынады.

«Көк экономиканың» негізгі қағидалары:

  • кез келген ресурсты ол өндіріске қажет болса басқасымен алмастыруға болады;
  • табиғатта қалдық болмайды;
  • кез келген жанама өнім жаңа өнім үшін көз болып табылады.
Бақытжан Сағынтаев инновациялар саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді
1/2
Бақытжан Сағынтаев инновациялар саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді
2/2