Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Индонезияның Вице-президенті Юсуф Калламен кездесу өткізді

09 қыркүйек 2017, 14:55
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индонезияның Вице-президенті Юсуф Калламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің экономиканының, ғылым мен технологиялардың түрлі салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері, сондай-ақ, екі елдің қаржы және инвестициялық құрылымдары арасындағы ислам банкингіне қатысты мәселелер талқыланды.

Б. Сағынтаев Ю. Каллаға ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығында Индонезияның жетекші ислам қаржы ұйымдарын орналастыру арқылы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ орталық базасында Қазақстан мен Индонезияның бірлескен ислам қаржы институттарын құруға ниетті екенін айты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Ислам ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы бастамасын іске асыру тақырыбы қозғалды.

Анықтама:

Индонезия – әлемдегі халық саны жағынан төртінші ел, оның 2016 ж. ЖІӨ көлемі – 932 млрд доллар. Ол – әлемдік экономика локомотивіне айналған, Оңтүстік-Шығыс Азияның танылған көшбасшысы.

Қазақстан мен Индонезия арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 15,2 млн долларды құраған, бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 65,3%-ға жоғары.