Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді

10 қараша 2017, 16:19
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: ОМV компаниясы — Австрияның ең көлемді листингтік өнеркәсіптік компанияларының бірі, Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы. OMV Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап жүрген Borealis компаниясының 36% акциясына ие.

OMV акционерлері: Mubadala (Әбу-Даби) — 24,9%, ÖBIB (австриялық мемлекеттік өнеркәсіптік холдингі) — 31,5% және акцияларының 43,6%-ы еркін айналымда.  

Компания Қазақстанда 2004 жылдан бері қызмет істейді және ол Маңғыстау облысындағы Комсомольское, Тасболат, Ақтас, Түрікменой кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Ком-Мұнай» ЖШС (95%, 5% — қазақстандық серіктестер), «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС (100%) қатысушысы.  

Компанияның барлық кезеңдегі инвестициялары миллиардтан астам долларға тең.