Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

26 желтоқсан 2018, 17:11
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы шекті келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.  

Отырыста көлік-логистика хабын және автожол инфрақұрылымын дамыту саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Аталған уағдаластықтарды іске асыру автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға жол ашады. Атап айтқанда, өңіраралық тасымалдар жылдамдығын ұлғайтуға, жолдағы уақыт шығынын және жолдарды пайдаланушылардың эксплуатациялық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Отырыста күн тәртібі бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Ә. Смайылов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек сөз сөйледі.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз