Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті

17 қазан 2017, 16:45
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты әсіресе ауыл шаруашылығы, минералды ресурстар және көлік саласында одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, туристік салада өзара іс-қимыл жасасу келешегі қаралды.  

Анықтама:

Биыл Қазақстан мен Вьетнамның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 364,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79,4%-ға жоғары көрсеткіш. ҚР-дан Вьетнамға экспорт көлемі 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 125,2%-ға өсіп, 192,9 млн АҚШ долларын құрады.