Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы Басқармасының мүшелерімен кездесті

19 қаңтар 2017, 15:59
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.