Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің Бас директоры Марк Узанмен кездесті

23 қаңтар 2017, 16:57
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің Бас директоры Марк Узанмен кездесу өткізді.

Кездесу қатысушылары жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелерді талқылады. Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі болып табылады.

Анықтама:

Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы оның қазіргі Бас директоры Марк Узанның (Нью-Йорк қ.) Бреттон-Вудс конференциясының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізін қалаған коммерциялық емес ұйым.

Комитет қызметі жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат ететін, жоғарғы деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.