Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Грег Хэндспен кездесті

19 шілде 2017, 11:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Грег Хэндспен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында жер қойнауын пайдалану, инновациялар мен технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 

Анықтама: 

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнаған. Қазіргі таңда Ұлыбритания ҚР-ға салынатын тікелей инвестициялар көлемі бойынша бастапқы бес елдің қатарында (2005 жылдан бастап 12 млрд-тан астам доллар және 2016 жылы 684,8 млн доллар немесе ТШИ көлемінің 3,3 %).

Биылғы қаңтар-сәуір айларында өзара сауда көлемі 422,6 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (334,3 млн доллар) 26,4 %-ға жоғары. Экспорт 331,7 млн долларды (229,9 млн долл.) құрай отырып, 44,3 %-ға өсті, импорт 90,8 млн долларға дейін (104,3 млн долл.) 12,9 %-ға қысқарды. 

Қазақстанда британдық үлеспен 800-ден астам заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.