Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті

10 шілде 2017, 15:24
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті.

Кездесу барысында ірі трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл, қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.