Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ҚХР ауыл шаруашылығы министрі Хань Чаньфумен кездесті

11 шілде 2017, 18:00
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Хань Чаньфумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың биыл мамыр айында Бейжіңге ресми сапары аясында қол қойылған ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Биыл 13 мамырда Президент Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Бейжің қаласына барды. Мемлекет басшысы ресми сапар аясында шет елдердің көшбасшыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасында биыл маусым айында Астанада өткен кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы инвестициялар тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытудағы ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше аталып өтті.