Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаевтың Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

27 мамыр 2018, 10:39
Фото, бейне: primeminister.kz

Жұма күні, 25 мамырда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — жақында Президент жария түрде қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылау.

  • Қостанайға келгеннен кейін Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған «Қостанай» жаңа спорттық–ойын-сауық кешеніне барды.

  • Бақытжан Сағынтаев Рудный қаласында «Жас Қанат – 2006» ЖШС-де болды, онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Ақылды құс фабрикасы» жобасымен танысты.

  • Сондай-ақ, Премьер-Министр Рудный қаласында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған «Лидер – 2010» ЖШС-де болды. Кәсіпорын сүт өңдеу мен қышқыл сүт өнімдерін шығаруға мамандандырылған.

  • Әңгімелесудің басты тақырыбы — Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заңға қол қоюына байланысты күшіне енген бизнеске арналған жаңалықтар мен өзгерістер болды. Сондай-ақ, Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Б. Сағынтаев салынып жатқан индустриялық аймаққа барған кезде Елбасы Жолдауларын іске асыру аясында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жаңғыру және цифрландыру барысымен танысты.

  • Премьер-Министрдің жұмыс кестесіндегі келесі нысан «Соколов–Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кеніші болды. Кәсіпорын президенті Б. Мұхаметқалиев биыл кен орнында Индустрия 4.0-дің бірден бірнеше элементі енгізіліп жатқанын атап өтті. Олардың арасында «Ақылды кеніш» жобасы да бар.

  • Студент жастармен кездесу барысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру, жаңа экономикаға мамандарды даярлау, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердің үй-жай жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.

  • Сондай-ақ, Б. Сағынтаев Қостанай қаласында бірқатар нысанды аралады. Олардың арасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушылар салған «Алтын Арман» жаңа тұрғын үй кешені, «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бар.

  • Өңір активімен және бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.

 

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз