Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

12 қазан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерді түсіндіру, сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу болды.

  • Өңірге жұмыс сапары Семей қаласынан басталды. Мұнда Премьер-Министр қала активімен кездесіп, Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

  • Бақытжан Сағынтаев қаланың өнеркәсіптік нысандары — «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС және «СемАЗ» ЖШС аралағаннан кейін, отандық машина жасау саласының дамуымен танысты.

  • Семей қаласында салынып жатқан «Қарағайлы» шағын ауданының мысалында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

  • Облыстағы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мәселесін талқылау әрі қарай Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС аралау мен жаңа «Қызыл» жобасының таныстырылымы кезінде жалғасты.

  • Б. Сағынтаев медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда қолға алынып жатқан шаралармен Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралау кезінде танысты.

  • Өскемен қаласының активімен және жұртшылық өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

  • Бақытжан Сағынтаев Өскемендегі № 46 жалпы білім беретін орта мектептің мысалында өңірдегі білім беру қызметтерін ұсыну сапасымен танысты. Мұнда Жолдау–2019-да алға қойылған міндеттерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі облыс әкімдігінің жоспарлары таныстырылды.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз