Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б.Сағынтаев ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге дейін қалған әлеуметтік нысандарды мерзімінде тапсыруды тапсырды

27 қыркүйек 2016, 11:24

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері бойынша кеңес барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге дейін «қалған әлеуметтік нысандарды мерзімінде тапсыруды және тұрғындарға жұмыстың аяқталуы туралы есеп беруді» тапсырды.

«Тәуелсіздіктің 25 жылында 1,7 млн-ға жуық адам баспаналы болды, 1 400 мектеп, 1 300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге дейін қалған әлеуметтік нысандарды мерзімінде тапсыру және тұрғындарға жұмыстың аяқталуы туралы есеп беру қажет. Сондықтан, аяқтауға бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын», – деді министрлерге қарата сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев.