Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Экономикалық белсенділіктің оң динамикасы: I тоқсан қорытындысы бойынша ҚР ЖІӨ 3,8%-ға өсті

10 сәуір 2019, 18:07
Фото: primeminister.kz

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелері қаралды. Осы мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. Оған төмендегі сандар дәлел:

  • Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті.

  • Жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді.

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7% өсті.

  • Өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті.

  •  Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10% өсті. Автокөлік өндірісі 33% өсті.

  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% өсті.

  • Көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4% өсті.

  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6% құрады.

  • Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт  11,1%-ға, импорт  0,3%-ға өсті.

  • Ішкі сауданың көлемі 7,2% өсті.

  • Осы жылдың 2 айында екінші деңгейлі банктер берген жаңа несиелер көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл 11% көп.

  • Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.

  • Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз