Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты

29 қараша 2018, 10:43
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін, энергетика саласы, экология мен мұнай-газ саласын тарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Кеңестің 32-ші пленарлық отырысына дайындық барысы да талқыланды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Ассоциациясының басқарма төрағасы А. Прейманис, шетелдік тараптардың тең төрағалары Е. Досымбеков, Ш. Гомез, сондай-ақ, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Ассоциациясының директоры Ж. Байдашева атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Отырысқа қатысушылар шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын және әрі қарайғы жұмыс бағыттарын анықтады. Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі А. Смайылов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев келешегі бар жобалар туралы түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Кеңес құрамына 30-дан астам шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Кеңестің негізгі міндеті — Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, шетелдік компаниялардың экономиканы әртараптандыруға қолғабыс етуі, өнеркәсіп саласын индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, Қазақстанның экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау,  сондай-ақ халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырып, модернизациялауды әрі қарай жалғастыру үшін ҚР Үкіметі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, реттеуші ортаны жетілдіру, құқық үстемдігі мен мемлекеттік басқару сапасымен қамтамасыз ету, экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып білім беру жүйесін реформалау, адам капиталын дамыту және экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру және қазақстандық өнеркәсіптің жетекші салаларының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты
1/5
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты
2/5
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты
3/5
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты
4/5
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты
5/5