Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

20 шілде 2018, 16:01
Фото, бейне: primeminister.kz

13 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып қайтты.

  • Сапардың басты мақсаты — «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастаманың», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу.

  • Жұмыс сапары Мұғалжар ауданының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралаудан басталды. Жаңажол вахталық кентінде Премьер-Министр Жаңажол газ өңдеу зауытында газ өңдеудің өндірістік процесімен танысты.

  • Осы жерде «Altyn EX» ЖШС тау-кен байыту комбинатының және «Газ процессинг компани» ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының таныстырылымы өтті.

  • Ақтөбе қаласында Бақытжан Сағынтаев «Нұр Ақтөбе» шағын ауданының мысалында «Нұрлы жер» және «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы жаңа ипотекалық бағдарлама — «7–20–25» бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты.

  • Жұмыс сапарының кестесіндегі келесі нысан Энергия тиімділігі орталығы болды, онда Премьер-Министр өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының оныншы міндетінің іске асырылу барысымен танысты.

  • Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысанында Премьер-Министр жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты.

  • Бұдан өзге, жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік-жекеменшік қағидаты бойынша іске асырылған бірқатар әлеуметтік нысандарды: «Daru Zharygy» офтальмологиялық орталығын, «Алғашқы көмек» ЖШС орталық жедел және шұғыл көмек станциясын, сонымен қатар Жекпе-Жек сарайын аралады.

  • Жұмыс сапарының соңында Премьер-Министр Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері бойынша облыс активімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

  • Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев бірінші жарты жылдықтағы мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жүргізілген жұмыстар мен 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ, кеңес барысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының төрағасы» А. Прейманис сөз сөйледі. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сауда саласын жаңғырту, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу, базалық индустрияландыру, инвестициялар тарту және т.б. мәселелер талқыланды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз