Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Астанада «бұлтты» бейнебақылау жүйесінің жұмысын бағалады

25 қаңтар 2018, 14:44
Фото: РrimeМinister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен қолданыстағы «бұлтты» бейнебақылау жүйесі енгізілген тұрғын үй кешені қаралды.

Еске сала кетейік, «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын осы инновациялық қызмет 2017 жылғы қыркүйектен бастап барлық өңірде қолжетімді болып отыр. Сервис Қазақстан қалаларының көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оң нәтижелерінің бірі цифрлық трансформациялауға бизнес инвестицияларын жұмылдыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесін дамыту болып отыр. Бүгін біз көрген жоба – бизнес орта өкілдері жобаларға инвестиция құйып, оны іске асыруға үлес қосып жатқанының дәлелі», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Бейнебақылау қызметін ұйымдастыру үшін деректерді таратудың оқшауланған арналарын, тек сол кіреберістен кіретін тұрғындарға ғана қолжетімді етіп, көпдеңгейлі авторизация жүйесін ұйымдастыру, пайдаланушы интерфейстері мен бейнедеректер қоймасы арасындағы қолжетімділікті шектеу арқылы бейнедеректер ағынын қорғау тетіктері жасалды.

«Сервистің тұрғындар және бизнес-клиенттер арасындағы танымалдығы артып келеді. Бұл азаматтар мен бизнес мүдделерін қорғайтын сенімді тәсіл», — деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Елордадағы тұрғын үй кешенінде жүйе жұмысын таныстыру барысында инновациялық сервистің негізгі артықшылықтары көрсетілді: «бұлтты» бақылау көппәтерлі үйлердің кіреберісін үнемі бақылап отыру мүмкіндігін береді. Пайдаланушылар оған мобильдік құрылғылар арқылы онлайн режимде, сервистің «жеке кабинетінде» қол жеткізе алады, соңғы жеті тәуліктің мұрағаттық бейнежазбалары сақталады.

Бизнес-клиенттерге арналған қызмет 30 күндік бейнежазбаны, клиенттердің жеке бейнекамераларын орнатуды қамтиды. Алдағы уақытта компания келер жылдың соңына дейін тұрғын үйлердің кіреберістеріне 60 мың камера орнатуды жоспарлап отыр.

Осы орайда айта кеткен жөн, «Қазақтелеком» ақпараттық-коммуникациялық операторы ғимараттарды, қалаларды басқару бойынша Smarthome, Smart city, Internet of Things заманауи жүйелерін ұдайы зерттеп, дамытып келеді. Аталған жүйелер қалалардағы нысандарды пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, процестерді басқару және оңтайландыру мүмкіндіктерін береді.

1/2
2/2