Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХХІ пленарлық отырысының қорытындысы бойынша видеодайджест

08 маусым 2018, 09:09
Фото, бейне: primeminister.kz

6 маусымда Астана қаласында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысы өтті.

Отырыс барысында үдемелі жаңғырту жұмыстарын жүргізу, жаңа технологияларды қолдану және цифрландыру тұрғысынан инвестициялық саясат және еліміздің одан әрі экономикалық өсімінің келешегі мәселелері талқыланды. Шетелдік тараптың Кеңеске энергетика, экология және мұнай-газ салаларының мәселелері, еңбек заңнамасын жетілдіруге, сондай-ақ адам капиталын дамытуға және шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты ұсыныстары қаралды.

ШИК аясында 5 және 6 маусым күндері Бақытжан Сағынтаев көптеген жылдар бойы Қазақстан экономикасына инвестициялар салушы ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен және өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды құру және әрекет етушілерін тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.

Олардың арасында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті С. Чакрабартимен, «Бейкер Макензи Интернешнл» компаниясының құрметті төрағасы Эдуардо Лейтемен, CNPC International директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чжонцаймен, «Шеврон» компаниясының атқарушы вице-президенті Джеймс (Джей) Джонсонмен, Шелл компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Бёрденмен, GE Oil&Gas президенті және бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллимен, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка өңірлері бойынша Citigroup бас атқарушы директоры Джеймс Коулзбен, «Лукойл» президенті В. Алекперовпен, ТМД бойынша Deloitte бас атқарушы директоры Иан Коулбернмен, Marubeni Corporation вице-төрағасы Шигеру Ямазоэмен, Exxon Mobil Production Company президенті Нил У. Даффинмен, EMEIA (Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан және Африка) өңірі бойынша Ernst and Young компаниясының басқарушы серіктесінің орынбасары Руди Браспен, Polpharma компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен, Deutsche Bank AG Орталық және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік басқармасының бас атқарушы директоры Йёрг Бонгартцпен, «Стратегия және Көшбасшылықты дамыту» бағыты бойынша PwC жаһандық көшбасшысы Блэр Шэпардпен кездесулер өткізілді.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз