Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы

04 желтоқсан 2018, 18:29
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов саланы цифрландырудың артықшылықтары туралы айтып берді.

М. Жайымбетовтың айтуынша, жақында құрылыс жұмыстарының журналы, жасырын жұмыс актісі, техникалық қадағалау журналы қажетсіз болады. Инвестициялар және даму министрлігі «Үй құрылыс» атты бірыңғай цифрлық портал жасап шығарды. Бұл порталда қазыпған шұңқырдан бастап нысан қолданысқа берілгенге дейінгі бар ақпарат сақталатын болады. Ақпарат фото және видео түрінде сақталады. Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өндірушілердің үлесін бақылауға да болады: қандай материалдар әкелінді, кімнің өндірісі екені туралы бар мәлімет болады.

«Бұл саланың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз өте үлкен реформа болады деген үміттеміз. Осы салаға барлық тараптар: тапсырыс беруші, мердігер, авторлық, техникалық қадағалау, мемлекеттік органдар тартылады. Құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартып, осы саладағы ашықтықты арттыра аламыз», — деді М. Жайымбетов.

Сонымен қатар, тұрғындардың, табиғи монополиялар, әкімдіктер мен орталық атқарушы органдардың жеке кабинеттері болатын e-SHANYRAQ ақпараттық жүйесі құрылғаны туралы да хабарланды.

«Біз бәріміз көпқабатты үйлердің тұрғынымыз, бірақ не үшін төлеп жатқанымызды білмейміз. Электрик, сантехник үшін қанша төленеді және тағы басқа төлемдер туралы біле бермейміз. Коммуналдық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы қосымшаны жасадық. Смартфон арқылы сіз дауыс беріп, шешім қабылдай аласыз. Мысалы, лифтке ақы төлеу туралы қарапайым мәселені алсақ та болады. Онлайн-дауыс беру жүйесі арқылы сіз бұл төлемнің  карта арқылы немесе ай сайын төлем болатынын шешесіз», — деп атап өтті Комитет төрағасы.

Бұдан басқа, М. Жайымбетов құрылғы орнатудың халыққа қаншалықты пайдалы болатыны туралы айтып кетті. Оның сөзіне қарағанда, цифрландырудың негізі — құрылғы орнату.

«Жалпы үйдің жылу есептегіштерін орнатқан кезде, біз 36% үнемдейміз, ал автоматты жылу пункттері орнатылған кезде 50-60% үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер адам жылу үшін 10 мың теңге төлесе, онда бұл құрылғыларды орнатқаннан кейін 3-5 мың теңге төлейтін болады. Бүкіл ел бойынша біз 32,5 млрд теңге үнемдей аламыз. 5 жыл ішінде — 162 млрд теңге», — деді М. Жайымбетов.

Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
1/6
Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
2/6
Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
3/6
Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
4/6
Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
5/6
Құрылыс жұмыстарының сапасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ашықтығын арттыру — М. Жайымбетов саланы цифрландыру болашағы туралы
6/6