Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Материалдық-техникалық жарақтандыруды ұлғайту төтенше жағдайларға әрекет етудің жылдамдығын арттыруға жол ашады — ҚР ІІМ

12 ақпан 2019, 14:29
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин төтенше жағдайлар санын төмендетуді көздейтін алдын алу шараларын жүргізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.  

Ішкі істер вице-министрінің айтуынша, ТЖ комитетінің қызметкерлері жүргізетін алдын алу шаралары көптеген қайғылы оқиғаларға жол бермеді. Ю. Ильиннің айтуынша, жазатайым оқиғалардың азайып келе жатқаны байқалады.

ТЖ бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ТЖ бойынша бөлімшелерді жарақтандыру үшін қаржыны ұлғайту көзделген. Ең алдымен өрттен құтқару жабдықтарынан бастап, техника сатып алу арқылы материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыруды көздейтін жол картасы іске асырылып жатыр.

«Біз бірнеше жыл ішінде техниканы есептен шығарып, жаңартуды ескере отырып, 58% атаулы көрсеткішке шығуды жоспарлаймыз, бұл төтенше жағдайларға неғұрлым жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, Ю. Ильин келесі бір мәселе — халық арасында қауіпсіздік мәдениетінің жоқтығына тоқталып өтті.

«Тұрғындар біздің инспекторлар беретін кеңестерге ылғи да жауапкершілікпен қарамайды. Тұншықтырғыш газдың таралуының алдын алып, түтіндіктегі жарықшақтарды балшықпен бітеп қою үлкен күш пен шығынды, қаражатты талап етпейді. Әрбір азаматтың бойында қауіпсіздік мәдениеті, қауіпсіздік тәрбиесі болуы қажет. Осыған қарай қайғылы оқиғалар да сәйкесінше аз болмақ», — деді вице-министр.

Ю. Ильин еліміздің тұрғындарына халық арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын жеткізді.

«Қыс мезгілі әлі жалғасып жатыр, алдағы уақытта әлі де, әсіресе түнде, қатты аяздар болады. Рейтдік шараларға шығып, өздерінің ұсыныстарымен сіздердің өмірлеріңізді қауіпсіздендіруге ұмтылатын біздің қызметкерлеріміздің кеңестерін тыңдаңыздар», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, Ю. Ильин газдың таралуын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыларды сатып алуға кеңес берді.

«Бүгінде тұншықтырғыш немесе табиғи газдың үйге таралып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретін қымбат емес құрылғыларды сатып алуға кеңес беремін, пәтерлеріңізге, тұрғын үйлерге орнатып қойыңыздар», — деді ол.

Материалдық-техникалық жарақтандыруды ұлғайту төтенше жағдайларға әрекет етудің жылдамдығын арттыруға жол ашады — ҚР ІІМ
1/4
Материалдық-техникалық жарақтандыруды ұлғайту төтенше жағдайларға әрекет етудің жылдамдығын арттыруға жол ашады — ҚР ІІМ
2/4
Материалдық-техникалық жарақтандыруды ұлғайту төтенше жағдайларға әрекет етудің жылдамдығын арттыруға жол ашады — ҚР ІІМ
3/4
Материалдық-техникалық жарақтандыруды ұлғайту төтенше жағдайларға әрекет етудің жылдамдығын арттыруға жол ашады — ҚР ІІМ
4/4