Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева

03 қыркүйек 2018, 15:55
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді, сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты негізгі мәселелерге назар аударды.

Омбудсмен өз сөзін қазіргі жағдайды сипаттаумен бастады. Елімізде бүгінде 5 млн-нан астам бала бар. Қазақстандық балалар әлемнің 100-ден астам еліндегі балалардың арасында дарындылығы, білімі және зияткерлігі бойынша әлемде 12-ші орынды алады. Қазақстанның нақты жетістіктері мен оң нәтижелері бар: бала туу санының өсуі, балалар өлімінің төмендеуі, мәдениет пен спорттағы, ғылыми қызметтегі әлемдік жетістіктер, олимпиадалар мен байқаулардағы үздіктік.

«Балалар дендері сау әрі бақытты болғанды қалайды және солай болуы да керек. Олар көздеген мақсаттарына тек біздің сіздермен қол ұшын беруіміз арқылы ғана қол жеткізе алады. БАҚ-тан балаларға қатысты түрлі жағымсыз жағдайлардың орын алып жатқанын күнделікті байқап жүрміз. Оларды қайталап айтқым да келмейді, өздеріңіз бәрін біліп отырсыздар», — деді С. Айтпаева.

Балалар омбудсменінің деректері бойынша, бүгінгі таңда республикада балалардың құқықтарын қорғау саласында қажетті заңнамалық база құрылған. Ұлттық заңнаманың негізіне Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының нормаларына және балаларға қатысты мемлекеттік саясат жөнінде басқа да халықаралық-құқықтық құжаттарға енген.

«Халықаралық деңгейге сәйкес балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету үшін адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжаттар ратификацияланды, олардың 15 балалар құқықтарын қорғауға қатысты», — деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Мемлекет басшысы бағдарламалық құжаттарда мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде балалардың құқықтарын қорғауды анықтады. БҰҰ-ның Балалардың құқықтары жөніндегі комитеті ұсынымдарына сәйкес 2006 жылы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган — Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында 10.02.2016 ж. Президент Жарлығымен ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (БҚУ) институты құрылды.

«Мемлекет басшысының бұл шешімі Қазақстандағы баланың құқықтарын нығайтуға және жүзеге асыруға қосылған маңызды үлес және БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады. БҚУ институты құрылғаннан бастап қысқа мерзім ішінде Республикада балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамытудың белгілі бір жүйесі құрылғанын мойындау керек», — деді С. Айтпаева.

Балалар қорғаушысының маңызды өкілеттігі — оның мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ықпал ету құқығы. Балалармен жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап беретін министрліктер мен ведомстволар жағдайға талдау жасап, кәмелетке толмаған балалардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша нақты шаралар әзірледі.

Брифинг барысында елдегі балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі жетілдірілгені аталып өтті. Алайда, балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің әлі де пысықтауға жататын тұстары бар.

Мәселен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық институттар, әрбір азамат, жеке және заңды тұлға отбасы, балалар және отбасылық саясат мәселелері бойынша жұмыс істейді.

С. Айтпаеваның айтуынша, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалған уақыттан бастап, яғни осы жылдың 2 айында елеулі жұмыстар атқарылған.

Алматы қаласында алғаш рет үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен диалог жүргізілді. Оған ҚР білім және ғылым министрі, денсаулық сақтау министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Орал қаласындағы балабақшалар қызметінің мәселесі түйіткілді мәселелер қатарында болды. Мәселе Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің және Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгіновтың тікелей қатысуымен шешілді. Барлық балалар дереу балабақшаларға қайтарылды.

Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің тікелей айналысуына тиісті негізгі мәселе —азаматтардың өтінімдерін қарау. 2 айға жуық уақыт ішіндегі олардың саны 80-нен асты. Сондай-ақ, қазақстандықтар балалар омбудсменіне жеке қабылдауларға да келді. Өтінімдердің негізінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қазіргі қоғамға тән бірнеше үрдісті белгіледі.

«Ең алдымен, отбасылық қарым-қатынас, алимент төлеу міндеттері, әлеуметтік, тұрғын үй құқықтары, отбасы мүшелерінің құқықтық статусы, балаларды тәрбиелеу тәртібі, денсаулық сақтау мен білім алу құқығын іске асыру мәселелеріне назар аударғым келеді. Уәкіл ретінде, өтінімдерді қарау кезінде, қолданыстағы заңнаманың талаптарын түсіндіремін, мәселені шешуге мемлекеттік органдар мен ведомстволарды қосамын, немесе биліктің әрекеттеріне шағым беру тәртібін түсіндіремін. ЖАО қандай да бір заңдық құқықтарды немесе азаматтардың мүдделерін дұрыс түсіндірмейтін жағдайлар анық байқалады», — деді С. Айтпаева.  

Сондай-ақ, ол азаматтардың өтінімдерінен бір-бірін түсініспеушілік, агрессиялық сипаттың байқалатынын атап өтті.

«Бұл балалардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың негізгі себептері. Отбасылық қарым-қатынастағы үйлесімсіздік баланың психикалық-эмоционалды күйін және тұлға ретінде өзін-өзі бағалауын төмендетеді. Әкелік және аналық міндеттердің орындалу тақырыбы әлі де көкейтесті мәселелердің қатарында қалып отыр», — деді С. Айтпаева.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары халықаралық стандарттарға сәйкес балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі қалыптастырылды.

«Жоғарыда аталған мәселелердің озық дамыған елдерге де тән екені сөзсіз. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік биліктің, қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың барлық салаларының күш-жігерлерін біріктіру қажет. Барлық тараптардың тығыз өзара байланысы арқылы балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасай алатынымызға сенімдімін», — деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
1/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
2/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
3/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
4/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
5/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
6/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
7/8
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құрамыз — С. Айтпаева
8/8