Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды

18 қазан 2018, 11:06
Астана
Фото, бейне: primeminister.kz

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығының алаңында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету туралы өткен баспасөз конференциясында қаржы министрі Әлихан Смайылов шағын және орта бизнес үшін «салық аминистиясын» жүргізу туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқаттын арттырудың негізгі резерві шағын және орта бизнесті дамыту болып табылатынын бірнеше рет атап өтті. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОб үшін салық амнистиясын жүргізуді бастауды тапсырды, яғни, салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар алынып тасталады.

Бұл үшін Қаржы министрлігі келесі жылдың басынан бастап шағын және орта бизнес үшін «салық аминистиясын» жүргізетін болады.

«Бұл амнистия бір жағынан біздің еліміздегі бизнес ахуалды, іскерлік атмосфераны жақсарту үшін, ал екінші жағынан, шағын және орта бизнеске салықтарын төлеу үшін мүмкіндік беру үшін жасалып отыр», — деді Ә. Смайылов.

Бұл орайда министр «салық амнистиясының» тек шағын және орта бизнес өкілдеріне ғана қатысты болатынын айтты. Акцизделетін топтар өндірушілері, мұнай саласындағы компаниялар, жалған кәсіпорындар бұған жатпайды.

Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазір 90 мыңға жуық ШОБ субъектісінің биылғы жылдың 1 қазанынан дейін өтелмеген қарызы 294 млрд теңгеге жеткен.   

«Оларға 1 қазанға дейін болған салық бойынша негізгі міндеттемелерін төлеуге мүмкіндік беріледі. Егер олар келесі жылдың ішінде бюджет алдындағы борыштарын өтесе, онда мемлекет өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастау міндетін өзіне алады. Яғни, амнистия тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға қатысты. Осылайша, бір жағынан, бюджет толтырылады, екінші жағынан, біз бизнестің салықтарын төлеп, өз қызметін әрі қарай жалғастыра алуы үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар түріндегі бюджет алдындағы міндетемелерін азайтамыз», — деді сала басшысы.

Алдын-ала есептеулер бойынша, 178 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарызды 31.12.2019 дейін өтеген жағдайда 111 млрд теңгеге жуық өсімпұл мен 5,8 млрд теңге айыппұл шегерілетін болады.

Сонымен қатар министр бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жекелеген экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру мәселелері пысықталып жатқанын жеткізді. Бұл Президенттің қылмыстарды криминалсыздандыру бойынша жүргізіп отырған саясатындағы жүйелі шара болып табылады.

Заңды тұлғалар үшін салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік шегін 20 000 АЕК-ден (48,1 млн тг) 50 000 АЕК-ке дейін (120,2 млн тг) арттыруға қатысты тиісті заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

Оңалту және банкроттық бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерінде қалып қойған активтерді экономикалық айналымға қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

«Қаржылық қиындықтары бар кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында, жағдайды банкроттыққа дейін жеткізбей, ерте кезеңде төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр», — деді Ә. Смайылов.

Бұл шараларды іске асыру үшін Қаржы министрлігі оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заң жобасын әзірледі, оның аясында оңалту рәсімдерін бастау және оны жүргізу тәртібінің шарттары қайта қаралатын болады.

ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
1/6
ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
2/6
ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
3/6
ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
4/6
ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
5/6
ҚР Қаржы министрлігі: «Салық амнистиясы» 90 мың ШОБ субъектісін қамтиды
6/6