Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанның ШОБ-не «жұмыс жасамайтын» несиелердің ең аз үлесі тиесілі

10 қараша 2014, 06:00

Қазақстанда шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үлесіне барлық «жұмыс жасамайтын» несиелердің тек 12,7% ғана жатады, сонымен бірге заңды тұлғалар үлесіне екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің 73,2% нашар активтер жатады, делінген «Проблемалы несиелер қоры» АҚ (ПНҚ) қызмет ету тұжырымдамасында.

«Аса проблемалы портфельдер заңды тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік портфелі болып табылады. Сондай-ақ, «жұмыс жасамайтын» қарыздар үлесіне заңды тұлғалардың 73,2 пайызы, ШОБ субъектілерінің жалпы «жұмыс жасамайтын» қарыздар көлемінен 12,7 пайызды құрайды», - делінген құжатта.

Атап өтілгендей, «жұмыс жасамайтын» қарыздардың айтарлықтай үлесі екі ірі банкке шоғырланған. Салалық тұрғыдан «жұмыс жасамайтын» қарыздардың негізгі үлесі құрылыс және жылжымайтын мүлікпен опреациялар, сауда сияқты салаларда шоғырланған.

Банктердің «жұмыс жасамайтын» қарыздары құрылымы тұрғысынан 2012 жылдың соңына қарыздардың шамамен 2/3 банктердің 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейігі аралықта берген «жұмыс жасамайтын» қарыздарынан құралған», - деп атап өтілген тұжырымдамада.

Бұл ең көп несиелік белсенділік пен жоғары «қауіп-қатерге араны» фазасында ұсынылған «ескі проблемалы қарыздар» болып табылады. Сонымен бірге, олардың құнын қалпына келтірудің мерзімдері ескілігін ескере отырып, ауқымды қосымша инвестициялар қажет болуы мүмкін, деп нақтыланған құжатта.

Оған қоса, банктерді зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарына жағдай боынша «жұмыс жасамайтын» қарыздар үлесі шетелдік валютада барлық «жұмыс жасамайтын» қарыздардың 61,6 пайызын құрады, ал шетелдік валютада берілген «жұмыс жасамайтын» несиелер бойынша қарыздар деңгейі шамамен 50 пайызға тең.

Банк жүйесі бойынша «жұмыс жасамайтын» қарыздардың 37 пайызы резидент еместерге «жұмыс жасамайтын» қарыздар құрайды. Резидент еместерге берілген «жұмыс жасамайтын» қарыздардың негізгі үлесі бір банкқа тиесілі», - длінген хабарлама мәтінінде.

Сонымен бірге, «жұмыс жасамайтын» қарыздарды қормен қамтамасыз ету деңгейі жүйе бойынша шамамен 70 пайызды құрайды.

Өз кезегіндеөзінің қызмет ету барысында проблемалы несиелер қоры 1жалпы 9,2 млрд. теңге сомаға банктердің талаптары құқықтарын бағалау жүргізді. Алайда қарызды сатып алу бойынша келісім тек 0,5 млрд. теңгеге
бір банкпен қол жеткізілді.

Тұжырымдамада атап өтілгендей, қорға тапсырудың критерийлеріне сәйкес келетін «жұмыс жасамайтын» қарыздардың айтарлықтай көлеміне қарамастан (552 млрд. теңге – ірі банктердің қарыз портфелінің 30% немесе «БТА банкі» есептемегенде барлық банк жүйесінің қарыз портфелінің 26,2%) банктердің қормен тиімді ынтымақтастығына негізгіі фактор проблемалы актив құны болып табылады.