Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет отырысында Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мәселелері қаралды

04 желтоқсан 2014, 22:16

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді, отырыста Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне бекітілген индикаторлары бойынша көрсеткіштерін жақсарту мәселелері қаралды.

«Қазіргі уақытта ведомство ЖБИ рейтингісінде елдің позициясын жақсарту бойынша мақсатты бағытталған шаралар кешенін белгіледі. Бәрінен бұрын бұл қылмыстар туралы өтінімдерді толық тіркеу және есептеуді қамтамасыз ету, лицензиялау мен қызмет көрсетудің жеке түрлерін электронды форматқа оңтайландыру, автоматтандыру және көшіру», - деп мәлімдеді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

ҚР Әділет министрлігіне бекітілген индикаторларды жақсарту бойынша жұмыс туралы ведомство басшысының орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлімдеді. Оның ішінде, әкімшілік реттеуге қарсы болудағы заңнаманың тиімділігі, жеке меншіктілік құқығы, даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі, зияткерлік меншікті сақтау.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда аталған көрсеткіштер бойынша Қазақстан позицияларының жақсарғаны байқалды. Сонымен бірге, Әділет министрлігі ЖБИ рейтингісінде еліміздің одан әрі жылжуы бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды ұсынды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қарағанды облысы Жезқазған, Сәтпаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2012-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.

«2012-2013 жылдары жалпы 23,4 млрд теңге сомаға төрт іс-шара аяқталып, 306 жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде екі жаңа кәсіпорын ашылған, әлеуметтік инфрақұрылымның екі нысаны күрделі жөндеуден өтті. Ү.ж. 14,4 млрд теңге сомаға 57 іс-шараны жүзеге асыру басталды, оның ішінде әлеуметтік нысандарды медициналық технологиялық жабдықтармен жабдықтау және АӨК нысандарына инфрақұрылым тарту бойынша 5 іс-шара аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 10 іс-шараны аяқтау күтілуде», - деп мәлімдеді Е.Досаев.

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков атап өткендей, ү.ж. Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Сонымен, өнеркәсіптік өнім өндірісі 140 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығы өнімін шығару 6%-ға артты, ШОБ белсенді субъектілерінің саны өсті, 19 мың шаршы метр пайдалануға берілді және басқалары.