Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 тұрғын үй және индустрияландыру бойынша мыңнан аса жұмыс орны: Павлодар облысының дамуы

13 наурыз 2019, 17:30
Павлодар облысы
Фото: primeminister.kz/

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша, оның ішінде өңірлерде де кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы РrimeМinister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

Павлодар облысы 1928 жылы қаңтарда құрылған. Облыс орталығы — Қазақстанның ең ірі өзені – Ертістің жағалауында орналасқан Павлодар қаласы. Облыс республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, солтүстігінде Омбымен, солтүстік-шығысында Новосибирскімен, шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, оңтүстігінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батысында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.  

Өңір аумағының ауданы 124,8 мың км2 құрайды, халық саны — 754 мың адам (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша). Облыста 10 аудан, 3 қала және 358 ауылдық елді мекен бар.

Павлодар облысының тиімді географиялық орналасуы транзиттік әлеуетті кеңейтіп, инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндіктер беруге жол ашады.

 

Өңір өнеркәсібі: Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті

Павлодар облысы — Қазақстанның басты индустриялық өңірлерінің бірі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,9 трлн-нан астам теңгені құрады. Оның ішінде — өңдеу өнеркәсібіне 1,2 трлн-нан астам теңге тиесілі.   

Келесі салаларда өндіріс көлемінің өсімі байқалады: машина жасау, кокс және мұнай өндеу өнімінің өндірісі, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру, азық-түлік өнімдерін өндіру, металлургия өнеркәсібі, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, өзге металл емес минералды өнім өндірісі.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 373,8 млрд теңгеге өнім шығарылды. Көмір өндіру көлемі 70,3 млн тоннаны құрады, соның ішінде тас көмір — 64,9 млн тонна.

 

Индустрияландыру: 4 жылда инвестициялар көлемі 862,8 млрд теңге болатын 35 жоба іске асырылды

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында (2015–2019 жылдар) Павлодар облысында 862,8 млрд теңге инвестициялар көлемімен 35 жоба іске асырылуда, 7126 жұмыс орны құрылды.

 

     2018 жылы 70,6 млрд теңгеге 1128 жұмыс орнын құрумен 8 жоба іске асырылды.

  1. №2 циклді-үздіксіз қазу кешені (1 кезең) — «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ.

  2. Құрылыс материалдарын өндіру — «Павлодар-Водоканал» ЖШС.

  3. Минералды шикізатты қайта өндеу және алюмосиликатты қуыс микросфераның (АСҚМ) дайын өнімдерін шығарудың өндірістік цехы, «METALLOGAMMA» ЖШС.

  4. Теміржол мақсатындағы доңғалақтар өндіру кешені, «Проммашкомплект» ЖШС. 

  5. «Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық шлактарынан құрылыс толтырғыштарын өндіру» — «ЭКОСТРОЙ-АКСУ», «Минерал ИндастриГрупп» ЖШС.

  6. «ҚАЗПУДРОМ» ЖШС фр.0-10 мм балқытудың жоғары көміртекті феррохромнан байыту. 

  7. Жұмсақ контейнерлерді шығару бойынша цех, «Нефтехим LTD» компаниясы. 

  8. Май зауытын салу, «Гринланд Инвест» ЖШС. 

 

АӨК дамуы: өңірде 266 ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу пункті мен 204 дайындау пункті жұмыс істейді

Өткен жылы ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім (қызмет) шығаруы 227 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2017 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 104,3% құрады.

Өсімдік шаруашылығында астық түсімі 900,5 мың тоннаны, картоп түсімі 517,9 мың тоннаны, көкөніс түсімі 200,8 мың тоннаны, бақша және майлы дақылдар түсімі – тиісінше 84,2 және 123,8 мың тоннаны құрады.

2018 жылы облыста 382,1 мың тонна сүт, 96,5 мың тонна тірі салмағындағы ет, 214,5 млн дана жұмыртқа өндірілді.

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға барлығы 13,3 млрд теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеуді қамтамасыз ету және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен толтыру үшін 266 өңдеу объектісі және 204 дайындау пункті жұмыс істейді.

2018 жылы облыс бойынша 643 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 2,1 млрд теңгеден астам сомаға өнім сатылды.

«Нұрлы жер»: өңірде 15 тұрғын үй пайдалануға берілді

2018 жылы облыс бойынша барлығы 284 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 17,4%-ға көп.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде облыс қалаларында 15 тұрғын үй, оның ішінде жалпы ауданы 82,7 мың ш.м. 12 кредиттік тұрғын үй (Павлодар қ. – «Сарыарқа» ықшамауданда 5 тұрғын үй және Екібастұз қ. – 9 және 12 ықшамауданда 7 тұрғын үй) және жалпы ауданы 15,7 мың ш.м. 3 жалға берілетін тұрғын үй (Павлодар қ. – «Сарыарқа» ықшамауданда 1 тұрғын үй және Ақсу қ. – 2 тұрғын үй) пайдалануға берілді.

Тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша 43 жоба іске асырылуда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 196,8 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы кезеңге қарағанда 102,4%-ды құрады.

 

ШОБ дамыту: 2018 жылы өңірде 6,6 млрд теңгеге 159 жоба мақұлданды

2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 43,8 мың бірлікті құрады.

ШОБ кәсіпорындары 453,1 млрд. теңгеге өнім,
тауарлар және қызметтер өндірді, онда жұмыспен қамтылғандар саны 131,4 мың адам болды.

2018 жылы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы сомасы 6 млрд 640 млн теңгеге 159 жобаны мақұлдады.

 

Халықты жұмыспен қамту: еңбек күші басым өңірлерден Павлодар облысына 358 отбасы көшіп келді

Өткен жылы 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1209 адам оқытылды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1785 адам оқытылды, олардың ішінен бизнес-жобаларды қорғағандар – 1534.

2 млрд 181,1 млн теңге сомасына 462 адам шағын несие алды,

Бұдан басқа, бұдан бұрын берілген кредиттер (Ауыл шаруашылығын қолдау қорының желісі бойынша) бойынша қайтарылған қаражат есебінен 14,1 млн теңге сомасына қосымша 5 адам несие алды.

Бұл орайда, әлеуметтік жұмыс орындарына 823 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды, 560 түлек үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылды, қоғамдық жұмыстарға 3213 адам жіберілді.

Сондай-ақ еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша елдің еңбек күші көп өңірлерінен Павлодар облысына 358 отбасы – 1600 адам көшіп келді, олардың ішінен 510 адам жұмысқа орналасты.

2018 жылы облыста 13331 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде - 9260-ы тұрақты жұмыс орны. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 136889 теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 108,2% болды.

 

Білім беру: барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылған  

Павлодар облысында 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар, онда 101,4 мың оқушы білім алуда.

Одан басқа, облыста 50 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі бар.

Кең жолақты Интернетке барлық мектептер қосылған.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 421 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 172 балабақша мен 249 шағын орталық 39,1 мың баланы қамтиды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту 100%-ды құрайды.

 

Денсаулық сақтау: өңірде ауру-сырқаулар көрсеткіштері төмендеп келеді  

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 335 медициналық ұйым қамтылған, оның ішінде 19 аурухана ұйымы мен 11 АЕҰ, 1 ауылдық учаскелік аурухана, 3 диспансер, 57 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 216 медициналық пункт, 5 өзге медициналық нысан бар.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2544 дәрігер және 6575 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.  

2018 жылы жалпы облыс бойынша қатерлі ісікпен ауру көрсеткіштерінің 6,4%-ға (100 мың адамға шаққанда296,6), туберкулезбен аурудың – 4,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 46,9) төмендегені байқалады, сондай-ақ сәбилер өлім-жітімінің 24%-ға азайғаны тіркелген.

 

Өңірдегі мәдениет және спорт

Облыста 531 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде: 249 кітапхана, 253 клуб мекемесі, 15 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 10 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы бар.

Спорт нысандары мен ғимараттары желісіне барлық меншік түрінің 3519 бірлігі кіреді, соның ішінде 1962-сі – ауылда. Облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 28 спорт мектебі жұмыс істейді, онда 24 бала спортпен шұғылданады.

2018 жылы облыс спортшылары Халықаралық және Республикалық жарыстарда 1480 медаль (480 алтын, 510 күміс, 490 қола) жеңіп алды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз