Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметте өткен брифингте көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды

14 тамыз 2018, 15:40
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрінің айтуынша, көмірдің бастапқы бағасы, әдетте, тікелей разрез «бортында» қалыптасады. Содан кейін көмір темір жол арқылы түсіру пунктіне дейін тасымалданады, онда бекітілген нормативтерге сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ есеп айырысу бағасы бекітілген. Түсіру орындарында тиеу-түсіру жұмыстары кезінде, сондай-ақ автокөлікке көмірді тиеу кезінде және автокөлікпен тұтынушыға оны жеткізгенде соңғы бағасы қойылады. Көмір құнының негізсіз қымбаттауы екі кезеңде де болуы мүмкін. Дегенмен, ҚР ИДМ-де бұл жағдай бақылауға алынғанын айтты.

«Бізде өзіміздің аумақтық органдар бар – Энергетика министрлігінде де, Инвестициялар және даму министрлігінде де бар. Бұдан бөлек қосымша мониторинг жүргіземіз: әр темір жол орнындағы көмірдің көлемі мен оның құны бақыланады. Сондықтан, мұндай оқиғалар орын алған жағдайда (еск. – бағаның негізсіз өсуі), оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар жауапты болады. Біз бұл жағдайды қадағалап, дереу түзейтін боламыз», — деді Р. Скляр.

Көмір разрезіндегі баға туралы айтар болсақ: ҚҚС-сыз көмірдің максималды бағасы «Майкөбе-Вест» ЖШС-да 2633 тг/т. Түйірлеріне байланысты көмір «Шұбаркөл Премиум» ЖШС-да 4800 тг/т-дан 7300 тг/т дейін тұрады, «Қаражыра» разрезінде көмір құны 3350 тг/т дейін жетеді.

Көмір тасымалдауға қойылған тарифтер туралы айтсақ, Р. Склярдың айтуынша, олар реттелуде.

«Біз күнделікті жалдауға арналған вагонның разрезден көмір саудаланатын нақты темір жол орнына дейінгі құнын білеміз. Көмірдің құнын бақылап отырамыз — ол өзгермейді. Бұдан кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы тұйықтың иесі мен көлік компонентінің сауда үстемесін қарастырамыз. Тұтынушы бұл көмірді өзі шығарып алуына болады немесе қандай да бір көлік компаниясын жалдайды. Бұл тарифтер бәріне де белгілі, бұл нарық, бірақ бәрібір шарықтату мүмкін емес. Көмір сататын темір жол орнының меншік иесінің бағаны шектен тыс арттыруы ықтимал екенін білеміз. Сондықтан да әкімдіктермен бірлесіп, әрбір көмір қоймасының тұтынушыға қандай баға беретінін қараймыз», — деді Р. Скляр.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарда да аталған жағдайды қалыпқа келтіруге қолдана алатын белгілі бір тетіктер бар.

Жалпы алғанда, ел ішінде көмір бағасы транспорттық жеткізу жағдайларына байланысты тоннасына 11 мыңнан 16 мың теңге аралығында белгіленген.

«Мәселен, Павлодар облысынан Батыс Қазақстан облысына жеткізілген көмір, әрине, Павлодар облысының тұрғындары тұтынатын көмір бағасынан біршама қымбат болады», — деп түйіндеді бірінші вице-министр.

Үкіметте өткен брифингте көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды
1/3
Үкіметте өткен брифингте көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды
2/3
Үкіметте өткен брифингте көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды
3/3