Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметте шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мəселесі талқыланды

28 желтоқсан 2018, 12:55
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев шикізаттық емес экспортты ілгерілету жəне қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ету мəселелері жөнінде кеңес өткізді.

Отырыс барысында субъектілерді барынша қамту жəне мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында «бірыңғай терезе" қағидаты бойынша экспортты қолдаудың жаңа моделін құру мəселелері талқыланды. Қолжетімді несиелендіру мəселелері бойынша тауарлар мен қызметтердің бəсекеге қабілетті өндірістерін дамыту, Президенттің «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында халық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Күн тəртібі бойынша индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндама жасады. Мәселені талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ төрайымы Д. Жүнісова, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ төрағасы А. Əріпханов жəне т.б. қатысты.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз