Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысты

26 қараша 2018, 18:38
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  бұған дейін Парламент Мәжілісімен мақұлданған «2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019–2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңы қаралған Парламент Сенатының отырысына қатысты.

Заң жобаларын ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі А. Смайылов пен ҚР Ұлттық банкі төрағасы Д. Ақышев ұсынды.   

Жалпы бюджет жобасы үш негізгі міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл — «Стратегия 2025» және Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауын іске асыру аясында жеті басым саясат пен реформаны, қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Осылайша, Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін әлеуметтік блоктың шығыны 01.01.2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің 42,5 мың теңгеге, үш жылда мектеп құрылысының көлемін 50 млрд теңгеге ұлғайту, мектеп психологтарының жұмысын күшейту және т. б. есебінен 110 млрд теңгеге ұлғайды.

Депутаттардың сұрақтарына жауап берген Премьер-Министр Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Үкімет жұмысының осы бағытына назар аударғанын атап өтті. Осылайша, Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. 2018–2020 жж. арналған жоспар қабылданды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 ж. бастап бүгінге дейін көлеңкелі экономика көлемінің  28%-дан 25%-ға дейін төмендеуі байқалып отыр. Осы мақсаттарда ынталандыру, шектеу және әкімшілік сипаттағы бірқатар заңнамалық өзгерістер әзірленген. Мысалы, патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен 1000 еселік АЕК көлемі аясындағы заңды тұлғалар арасында қолма-қол ақшасыз түрдегі төлемдерге тыйым салынатын болады. Сонымен қатар Б. Сағынтаев 2020 ж. бастап онлайн кассалық аппараттарын жаппай қолдануға көшу қажеттігін баса айтты. «Атамекен» ҰКП-мен бастапқы келісімдерге сәйкес бұл жұмысты 2024 ж. бастау керек болатын, бірақ 2018 ж. бастап 17 тауар түрі бойынша кассалық аппараттар жұмыс істеп тұр. 2019 ж. бастап ашық нарықтарда жұмыс істейтін компаниялардың көшуі жоспарланған. 2020 ж. бастап бірыңғай жер салығын пайдаланатын кәсіпорындар қамтылатын болады. Осылайша, 2020 жылдан бастап барлық шағын және орта бизнес кәсіпорындары онлайн кассалық аппараттарында жұмыс істеуге көшеді. Шағын бизнеске салмақ түсірмеу үшін, Үкімет тарапынан ынталандыру шаралары қолданылады. Салық 60 мың теңгеге азаяды, бұл кәсіпкерлерге кассалық аппараттарды сатып алуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, 2020 ж. бастап еліміздегі барлық сауда базарлары стационарлық жұмыс форматына көшуі керек. Көптеген өңірлерде қазірдің өзінде бұл жұмыстар белсене атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, шекарада «Астана-1» бағдарламасы, электронды шот-фактуралар, тауарларды таңбалау енгізілді,  Қытаймен шекарада жақында ең жаңа техникамен және жабдықтармен жарақталған Нұр жолы өткізу пункті іске қосылды. Бұл бағдарламалар іске қосылған 9 айдан бері қазақстандық қызметтер импорт көлемін, әкелінетін тауар құнын төмендеткен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тарапынан қосымша заң бұзушылықтарды анықтады. 44 млрд теңге сомасына заң бұзушылықтар туралы ескертулер жіберілді. Қабылданған шаралар аталған компаниялардың барлығының бюджетке 44 млрд теңгені қосымша аударуына әкелді. 2019 ж. осындай жұмыстардың арқасында бюджетке 520 млрд теңге түседі деп шамаланып отыр. Бұл цифр үшжылдық бюджетте көрсетілген.

Отырыс барысында депутаттар сонымен қатар Премьер-Министрдің Орынбасары Е. Досаевқа, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовке, энергетика министрі Қ. Бозымбаевқа, қаржы министрі Ә. Смайыловқа, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымоваға, мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұловаға бірқатар сауалдарын жолдады.

Қарастырылған мәселені қорытындылаған Бақытжан Сағынтаев депутаттар корпусына көрсеткен қолдауы мен үшжылдық бюджетті жедел қарағаны үшін алғысын білдірді. Бюджет Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Бүгін Үкімет бюджетті іске асыру бойынша Шаралар жоспарын бекіткенін айта кеткен жөн. Биылғы жылдың қазан-қараша айларында бюджетті іске асыру үшін қажетті шешімдер қабылданды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қажетті кейбір заңдар бойынша әзірлік жұмыстары аяқталып жатыр: олар Парламент қарауында.

Жалпы, бұл бюджет қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпалын тигізетін болады. Сонымен қатар, Премьер-Министр Сенат отырысында көтерілген мәселелердің Үкіметтің алдағы жұмыстарында жүйелі түрде қаралатынын жеткізді.

Қарастыру қорытындылары бойынша заң жобасы Сенат депутаттары енгізген түзетулермен Мәжіліске жолданды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз