Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға келді

16 наурыз 2017, 10:21

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.   

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. 

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысымен танысады.