Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

К.Мәсімов полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

24 маусым 2016, 01:28

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен кездесіп, полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді олардың кәсіби мерекелері – Полиция күнімен және Мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады. 

Оқушылар сарайына барған сәтінде К.Мәсімов көрме галереясын, кеме жасау сыныбы мен ойын залын аралады. Сонымен қатар, Премьер-Министр Жұлдызды зал мен сәндік-қолданбалы өнерге арналған көрме галереясына барды.

Оқушылар сарайын аралаған соң Үкімет басшысы облыстың қоғам өкілдерімен кездесу өтетін үлкен концерт залына бет алды, онда ең алдымен еліміздің барлық полицейлері мен мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.