Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Президенті бірқатар заңға қол қойды

05 шілде 2018, 19:04
Астана
Фото: primeminister.kz

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңға қол қойды.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев заңнаманы «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Бұдан өзге, Елбасы жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз