Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ШОБ субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

28 ақпан 2018, 13:07
Фото: primeminister.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қор жүргізетін сатып алулар механизміне бірқатар өзгерістер енгізеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов айтып берді.

Әлішер Пірметовтың айтуынша, жаңашылдықтар сатып алулар жүйесін жетілдіру саласындағы жеті негізгі міндеттен тұрады:

1. Холдингішілік сатып алуларды оңтайландыру;

2. Баға белгілеуді бақылау;

3. Алдын-ала квалификациялық іріктеу рәсімдерін өзгерту;

4. Алдын ала квалификациялық іріктеу бойынша апелляциялық орган;

5. Камералық бақылау арқылы сатып алуларды бақылауды күшейту;

6. Қор комиссиясындағы бұзушылықтарды қарау;

7. Электрондық сатып алулардың жаңа платформасы — ЭСАЖ 2.0.

Холдингішілік кооперация аясында сатып алынуы мүмкін тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізімі 10 еседен астамға қысқарды.

«Осылайша, бұған дейін 4,5 мың аталымды қамтыған тізім 424-ке дейін қысқартылды. Бұл сырттан жеткізушілерге арналған сатып алулар номенклатурасы 4 мыңнан астам аталымға артатынын білдіреді», — деп атап өтті Әлішер Пірметов.

Шағын және орта бизнес субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды, олар бұған дейін холдингішілік жүйе арқылы сатып алынатын.

«Бұл, біріншіден, бәсекелестік ортаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Бәсекелі ортаны кеңейте отырып, біз жеткізілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптарды жақсарта аламыз. Екіншіден, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын қаражатты айтарлықтай үнемдеуге жол ашады», — деді Әлішер Пірметов.

Бағаны асыра көтеруді болдырмау мақсатында, холдингішілік кооперация аясында 50 000 АЕК-тен (120 250 000 теңге) жоғары құнды тауарларды сатып алудың орташа нарықтық маркетингтік бағасын міндетті айқындау механизмі қарастырылған.

«Қалған 424 аталым бойынша маркетинг жүйесі енгізілетін болады. Яғни, қандай да бір тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасы нарықта ұсынылған бағалар негізінде қойылады. Біз бұл шекті бағалардың жоғарылап кетуіне жол бермейміз, сатып алулардағы бағалардың белгіленуін бақылауда ұстаймыз», — деп түсіндірді Әлішер Пірметов.

Бұдан өзге, алдын ала квалификациялық іріктеу (АКІ) рәсімі үшін бірқатар өзгерістер жасалды. АКІ арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар шектеледі.

«Бұл өте айқын жүйе. Ол бір күндік фирмаларға конкурстарға қатысуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, ШОБ субъектілеріне өтуге қажетті, сауалнама жүргізу секілді белгілі бір рәсімдер бар. Айта кету керек, біз кәсіпкерлік субъектілеріне, бізге, тапсырыс берушілерге мәселелердің шешімін табу уақытын айтарлықтай қысқартатын, сұрақтар санын екі еседей қысқартып жатырмыз», — деп түсіндірді басқарушы директор.

Сонымен қатар, алдын-ала квалификациялық іріктеудің ашықтығын арттыру үшін сатып алулар жүйесіндегі шағымдар мен арыздарды қарастыратын коммиссия құру ұсынылды. Оған Қордың, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері және тәуелсіз аудиторлар мүше болады.

ЭСАЖ 2.0 бірыңғай сатып алу платформасына көшу мемлекеттік тізімдермен және деректер базасымен интеграциялануға, электронды құжаттар мен Блокчейн технологияларға көшуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры бүгінгі таңда сатып алулар жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті. Жалпы алғанда, спикердің айтуынша, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар жүйесі бір қадам алға жылжуда. Алайда бұл шектеу емес, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

ШОБ субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
1/4
ШОБ субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
2/4
ШОБ субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
3/4
ШОБ субъектілерінде 300 млрд теңгеге қосымша тапсырыстар алу мүмкіндігі пайда болды — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
4/4