Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Соңғы 5-6 жыл ішінде ЭЫДҰ-мен бірлесіп ішкі инвестициялық ахуалды қайта құрдық — Kazakh Invest

27 ақпан 2018, 15:19
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар тартудың уақыты келгенін айтты.

Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда тек ішкі инвестициялық ахуал ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстан бойынша макроөңір жағдайлары да өзгерді.

«Қазақстан – теңіз жолдарына шыға алмайтын ел, бұл логистиканы қиындатады, жеткізу ақысы қымбатқа түседі және келешекте тауарларды экспорттау мақсатында Қазақстанға өндірістерін орналастыру үшін көптеген ТҰК-ларға бұл өте күрделі әрі тартымды болмады. Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы, инфрақұрылымдық жобалар, жаңа Жібек жолы бастамасының арқасында осының бәрі өзгеруде», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Батыс Еуропадан бастап Қытайдың шығыс жағалауына дейін контейнерлік тасымалдар жасалып жатыр. Парсы шығанағына бағытталған жұмыстар да жүргізілуде. Қазақстан транзиттік елге айналуда.

«Егер жүктерді теміржол арқылы тасымалдайтын болсақ, ол әзірге қымбатырақ болып тұр. Дегенмен жолды 3-4 есеге қысқартса, бұр біразына тартымды болады. Уақытты жоғалту, әр минут – көптеген инвесторлар үшін ақшаның жоғалуына әкеледі. Егер Қазақстан арқылы жүргізілетін тауар айналымын алып қарасақ, соңғы 3-4 жылда ол жыл сайын едәуір артып келеді», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Бүгінде Қазақстан транзиттік елге айналуда, логистика арзандап, ірі нарықтарға шығу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Қазақстан әлемнің екі ірі нарығы: Еуропалық Одақ пен Қытай арасында орналасқан.

«Бұған қоса, біз Еуроодақтың, ЕАЭО бір бөлігі ретінде 180 млн халқы бар нарыққа иеміз, яғни бұл үлкен нарық және Қазақстан көптеген ірі инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Сондай-ақ, біз соңғы 5-6 жыл ішінде ЭЫДҰ-мен бірлесіп ішкі инвестициялық ахуалды қайта құрдық. Kazakh Invest осы мақсаттар үшін: инвесторларды іздеп, сыртқа шығып, оларды тауып, олар осында бизнестерін жүргізуі үшін одан әрі сүйемелдеу жұмыстарын көрсету мақсатында құрылған. Біз бұған сенеміз және табысқа жетеміз деп ойлаймын», — деп қорытындылады Сапарбек Тұяқбаев.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2018–2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясын іске асыру аясында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев баяндама жасады.

Сапарбек Тұяқбаев экономиканың қажеттіліктеріне сүйене отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $47,8 млрд құрайтын, 35 мыңға жуық жұмыс орнын ашумен 145 жобаның тізімі жасалғанын мәлім етті. 2018 жылы құны $16,4 млрд болатын 17 ірі жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті тұр.

 



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Соңғы 5-6 жыл ішінде ЭЫДҰ-мен бірлесіп ішкі инвестициялық ахуалды қайта құрдық — Kazakh Invest
1/2
Соңғы 5-6 жыл ішінде ЭЫДҰ-мен бірлесіп ішкі инвестициялық ахуалды қайта құрдық — Kazakh Invest
2/2