Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының және әлемдік аренадағы саясаттың белгісіз фактілерін ашып көрсетеді — Ғ. Нығыметов

22 қаңтар 2018, 11:55

2017 жылдың 15 желтоқсанында Астанада Қазақстан тәуелсіздігі күніне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы таныстырылды. Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов біздің тілшіге берген сұхбатында Елбасы кітабын оқығаннан алған әсерімен бөлісті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы — бұл өзгерістерді қалай басқаруға болатынын, ұлттың жаңғыруына серпіліс жасауына және тарихи мүмкіндіктерді шындыққа қалай айналдыруға болатыны туралы жазылған іргелі еңбек. Сондай-ақ кітапта Қазақстанды жаңғыртудың үш толқынының мағынасы, қоғамдық және жеке дипломатияның бірегей мысалдары сипатталады. 

Мемлекет басшысының әлемдік саясаттың белді тұлғаларымен кездесуі туралы естеліктерін оқу өте қызықты. Кітапта ҚХР төрағалары Цзян Цзэминь және Си Цзиньпин, Ресей президенттері Ельцин, Путин, АҚШ президенттері үлкен және кіші Дж. Буш, Еуропа көшбасшылары Тэтчер, Саркози, Шредер және басқа да тұлғалармен болған ресми және бейресми кездесулері көрініс тапқан. 

Қарама-қайшылықтарға толы әр түрлі полярлық көзқарастары бар бүгінгі әлемде құрметті және әлем мойындаған саясаткер болу өте қиын. Халықаралық аренадағы алар орны, сонымен қоса, кітапта келтірілген фактілерден, Елбасымыздың әлемде көрнекті әрі беделі аса зор тұлғаға айналғанын байқауға болады. Оның жан-жақты құзыреттілігі мемлекет құрылымы, нақты экономиканың түрлі салаларынан дипломатия мәселелеріне дейінгі барлық дерлік мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді.

Кітапта Президенттің бұл ерекшелігі жақсы сипатталады. Елбасы АҚШ Президенті үлкен Джордж Бушқа Қазақстандағы ірі кен орындарының бірінің тасымалдау және химиялық технологиялары туралы егжей-тегжейлі айтып бергенін еске алады. Америкалық көшбасшы Елбасының бәрін бүге-шүгесіне дейін жеткізгеніне таңданысын білдіреді, өйткені саясаткерлер өндіріс процесінің технологиялық қыр-сырын сирек түсінетін және әріптесінің мамандығы мұнайшы екеніне сенімді болады. Мұның бәрі ел басшысының мемлекеттік саясаттың кез-келген мәселесіне елеулі көзқараспен қарайтынын көрсетеді. 

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Президенттің өр мінезін аңғартады. Қайсар мінездің арқасында құрылған біздің заманауи мемлекетіміз — cоның айқын дәлелі.

Кітаптың ерекше есте қаларлық сәттерінің бірі — мемлекеттік шекараларды межелеу жөнінде ҚХР көшбасшысы Цзян Цзэминьмен жүргізген келіссөздері туралы бөлім. Сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер аяқталған соң, мәселе ең жоғары деңгейге жетті. Сол кезде Қытай басшысы Назарбаевқа бұл мәселе қазір шешілмесе, болашақта екі есе күрделене түсетінін айтты. Біздің Президентіміз даулы аумақтар бойынша келесідей шешім қабылдауға ұсыныс жасады: Қазақстанға — 53%, Қытайға — 47%.

Қытайлық көшбасшының ұлттық мүдделерді қорғау мәселесіндегі айнымас төзімділігін ескере отырып, онымен келіссөз жүргізу Мемлекет басшысына оңайға соқпады. Нұрсұлтан Әбішұлы Цзэминьнің көзқарасы өзгеріп, қаталданып кеткенін жақсы сипаттап жазған, дегенмен ол келісімге қол қойып, бұл мәселенің Назарбаев үшін өте маңызды екеніне көз жеткізіп, қарым-қатынастың достық сипатын сақтап қалды.

Осындай мысалдар Президенттің тұлғалық жеке қасиеттері, жоғары деңгейдегі келіссөздерде конструктивті жағдайды жасай алу мүмкіндігі туралы баяндайды. Кітапта сипатталған тағы бір әсерлі әңгіме — Назарбаевтың 2001 жылы 43-ші АҚШ Президенті кіші Бушпен кездесуі. Кездесу алдында Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен Буштың жазғы үйіне тоқтайды, ол Елбасы арқылы ұлына — сол кездегі АҚШ Президентіне ерекше құпиясөз айтып жібереді. Президент Назарбаев кіші Бушпен кездесуінде сөйлеген сөзінде, экс-президенттің айтқанын жеткізген кезде, бәрі күлісіп, әңгімелесудің ахуалы бірден қолайлы сипатқа ие болды. Осы кездегі келіссөздер тақырыбы өте өзекті еді.

Елбасы өзінің кітабында табысты басқарушының негізгі ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар нақты тұлғаларды мысалғаала отырып, олардың артықшылықтары туралы да жазған. Мәселен, кітапта Нұрсұлтан Назарбаевты ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынас байланыстырған Владимир Путиннің ең мықты харизмасы мен өзін-өзі дамытуға, ізденуге деген қабілеттілігі, реформатор Ли Куан Юдің көрегендігі мен батыл шешім қабылдай алу қасиеті жайында сөз қозғалған.

Сондай-ақ, әлемдік көшбасшылардың бірегей және қызықты бастамалары туралы ашық жазылған. Мәселен, Нұрсұлтан Әбішұлы Астанада Цзян Цзэминьмен және Владимир Путинмен бейресми кездесулерін баяндап жазған. Цзян Цзэминь орыс әндерін жақсы көріп, әндерін шырқайды екен. Олар Кеңес Одағында өткізген жастық шағындағы жылдарды еске салады. Әрине, ел көшбасшылары арасындағы сенімге толы қарым-қатынас бүкіл халықтар арасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас туралы идеяны білдіретіні сөзсіз.

Бұдан өзге, кітапта өз еліңді таныстыру мен капитал тартудың көптеген мысалдары бар. Шын мәнінде, Назарбаевтың шетелге әрбір шығуы — қазақстандық бизнеске жаңа жолдардың ашылуымен сипатталады. Кітапта инвесторларды тарут үшін ел басшылығымен ғана келіссөздер жүргізу жеткіліксіз екені айтылған. Осыған орай, Президент Билл Клинтонның өзіне айтқан мына сөзін еске алады: «Мен біздің корпорацияларға қысым жасай алмаймын. Бірақ сізге берер кеңесім — Қазақстанда жұмыс істейтін барлық америкалық мұнайшыларды жинаңыз, олар осы кездесуге экономиканың басқа секторларынан адамдарды тартсын. Оларға Қазақстандағы мүмкіндіктерін түсіндіріңіз. Бұл менің министрлерімнің өтініштерінен гөрі әлдеқайда тиімді болады». Бүгінгі таңда бізде инвесторларды тартудың осы тәсілі қолданыста екенін көріп жүрміз. Президент әлеуетті инвесторларды жинап, оларды елімізге шақырады. Ол мұны қалай істейтінін, кәсіпкерлерді немен қызықтыратынын, кітаптың мәтінімен танысу барысында білуге болады.

Президент еңбегінде осындай тарихи сәттер көптеп сипатталған. Дегенмен, тіпті егжей-тегжейлі айтып берудің өзі ақпаратты кітапты оқығандай жеткізбейді, оқу барысында әрбір оқырман еліміздің жаңа тарихының бұрын-соңды белгісіз болған қырларын ашып, жүріп өткен жолымызды қайта саралауға жол ашады.

Кітап эпизодтарының бірінде кіші Буштың бірде Нұрсұлтан Әбішұлына жолдаған көрегендік сөзі жазылған: «Джордж Вашингтон Америка халқының тарихына енгеніндей, сіздің де халқыңыздың тарихында қаларлық бірегей мүмкіндігіңіз бар». Менің ойымша, бұл сөздер Президенттің тұлға ретіндегі дербес орнын және оның тарихи рөлін әлемдік мойындау фактісін анық көрсетеді.

«Тәуелсіздік дәуірі» әрқайсымызға жеке қорытынды жасауға, ұлы тарихымызға аса жоғары құрметпен, еліміздің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Елбасы осы кітапта өзінің жеке көзқарастарымен таныстырады.