Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды

08 қыркүйек 2016, 22:31
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлықта.