Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде ШОБ дамыту және цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті

11 маусым 2018, 18:32
Астана
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШОБ дамыту, өңдеу өнеркәсібі және кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында бизнесті жүргізуге қажетті қолайлы жағдайларды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, соның ішінде цифрлық технологиялармен өзара байланыстыру арқылы дамыту шаралары талқыланды. Сондай-ақ, Премьер-Министр еліміздегі өңдеу өнеркәсібін дамыту келешегі мен қазіргі жағдайына назар аударды.

Күн тәртібі бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.  

Талқылауға сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев қатысты.

Бүгін бизнес үшін мемлекеттік және үкіметтік түрлі қолдау бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан 50-ден астам қолдау құралдары қолжетімді, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, инвесторларға қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлікті қолдау орталығы т.с.с. тәрізді кәсіпкерлікті институционалдық қолдаудың қуатты жүйесі құрылды. Жедел статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1 569 030 ШОБ субъектісі тіркелген және 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсім 34 194 бірлікті немесе 2,2% құрады.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз