Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметте кедендік әкімшіліктендіруді одан әрі дамыту шаралары қаралды

25 қаңтар 2019, 18:15
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кедендік әкімшіліктендіруді одан әрі дамыту шаралары жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында кедендік бақылауды күшейту, сын-тегеуріндерді басқару жүйесін жетілдіру, ақпараттық жүйелер мен нақты инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, кеден органдары жүйесіндегі кадрлық мәселелер қаралды. 

Сонымен қатар, кеңесте транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту, өткізу қабілетін ұлғайту, өткізу пунктінде бақылаудан өту уақытын қысқарту шаралары талқылады.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасады. Мәселелерді талқылауға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева және т.б. қатысты.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз