Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ

03 қыркүйек 2018, 16:13
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес бойынша атқарылған шаралар туралы мәлім етті.

«Осы жылдың 8 айында барлығы 1300 қылмыс тіркелді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымдық-практикалық, заңдық шаралармен қатар бірқатар жұмыстар атқарылды», — деді М. Байболов.

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған 19 бейімдеу орталығы жұмыс (КБО) істеп тұр. Алғашқы жарты жылдықта аталмыш орталықтарға 3700 бала келіп түсті. Орталықтарда сондай-ақ тәрбиленушілерге кеңес беру, психологиялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған отбасылық қолдау қызметі бар.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «Жасөспірім» жедел алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

«Біз жазғы уақыттарда балалардың далада түнемеуіне және заңды өкілдерінсіз жүрмеуіне көбірек көңіл аударамыз. Алдан алу шарасының алғашқы бес күнінде ішкі істер органдарына түнгі ойын-сауық мекемелері мен ата-анасының қарауынсыз қыңғып жүрген 5 мың бала жеткізілді. Мұндай жағдайларда кәмелетке толмаған балаларға және бала тәрбиесіне мән бермеген ата-аналарға арнайы шара қолданамыз», — деп атап өтті М. Байболов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ішкі істер органдарына ойын-сауық мекемелерін жағалап жүрген 38 мыңға жуық осындай қараусыз әрі ата-анасының бақылауынсыз жүрген бала жеткізілген. 

«Мұндай мекеме иелеріне әкімшілік-құқықтық шара қолданылады. Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін саудалағаны үшін 2500 сауда нысан иесі жауапқа тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін тағы 600 нысан иесі жауапқа алынды», — деп атап өтті ол.

Ресми деректерге сенсек, республика көлемінде соңғы 5 жылда жасөспірімдер қылмысы 26,8% азайған. Алматы облысында 9% (166-дан 151-ке), Шығыс Қазақстанда 25,8% (151-ден 112-ге), Қостанайда 6,5% (92-ден 86-ға 86) және Батыс Қазақстан өңірінде 10%-ға, яғни 70-тен 63-ке дейін азайған. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер саны да 5 жыл ішінде 4,5 есеге азайды.

ІІМ деректерінен осы жылғы жол-көлік оқиғасы да өткен жылғымен салыстырғанда 12,4% азайғанын байқауға болады.

Балаларға қауіпсіздік шараларын үйрету және жол-көлік оқиғаларынан жарақат алып қалмау мақсатында республикалық, өңірлік деңгейде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Назар аударыңыз — балалар!». «Сіздің жолаушыңыз — бала», «Жаяу жүргінші өтіп жатыр» деген секілді шаралар өткізіледі. Осы жылдың басынан бері барлығы 1,5 мыңнан астам түрлі насихат науқандары мен акциялар, викториналар, конкурстар өткізілді.

Осы жылдың 7 айында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 3,7% (1774-тен 1708-ге) азайды. Соның ішінде адам өлімі 13,3% ( 15-тен 13-ке дейін), тонау 15,8% (292-ден 246-ға) және ұрлық 8,65% (1006-дан 919-ға) азайған.
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
1/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
2/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
3/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
4/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
5/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
6/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
7/8
Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысы 27%-ға азайды — ҚР ІІМ
8/8