Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті

20 желтоқсан 2018, 17:58
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында ел экономикасының салаларын дамытудың 2018 жылдағы қорытындылары, сондай-ақ, келесі жылға арналған болжамдар мен міндеттер қаралды. Бұдан өзге, қатысушылар салық және қаржы есептіліктерінің формаларын одан әрі жеңілдету шараларын талқылады.

Мұнай сервисі нарығын, құрылыс, машина жасау салаларын дамыту, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша CentrAsiaGroup директорлар кеңесінің төрағасы А. Құдайберген, BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев, AllurAuto Group директорлар кеңесінің төрағасы А. Лаврентьев, PwC компаниясының серіктесі М. Ахерн және PwC салық жөніндегі директоры Д. Тоқмурзина сөз сөйледі.

Отырыс барысындағы пікірталастарға Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр, «Сентрас» компаниялар тобының басшысы Е. Әбдіразақов, Globalink Logistics Group бас директоры С. Хан және т.б. қатысты.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз