Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №115

24 желтоқсан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 17–22 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 19 желтоқсан күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда Үкіметтің 2018 жылға арналған заңнамалық жұмыстары жоспарының орындалуы мен келер жылға арналған жұмыстардың жобасы қаралды.

  • Сол күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс аясында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасының 2013–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралып, сондай-ақ, Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс кестесі бекітілді.

  • 20 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында ел экономикасының салаларын дамытудың 2018 жылдағы қорытындылары, келесі жылға арналған болжамдар мен міндеттер, сондай-ақ салық және қаржы есептіліктерінің формаларын одан әрі жеңілдету шаралары талқыланды.

  • Бейсенбі күні Үкімет үйінде Үкіметтік кеңестің отырысында еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланып, инвестициялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер пакетінің жаңа тәсілдерінің презентациясы өтті.

  • Еліміздің инвестициялық саясаты тақырыбының жалғасы ретінде «Kazakh Invest» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

  • Жұма күні, 21 желтоқсанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Сапардың мақсаты — «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастаманың», сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысу болды.  


    Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз