Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №17 

21 қаңтар 2017, 13:34

2017 жылғы 16-21 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды: Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017-ге дайындық барысы және отандық кинематографияны дамытудың басым бағыттары.

Мәлім болғандай, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 биылғы 29 қаңтарда бастау алады. Алматыға әлемнің 59 елінен 2000-нан астам спортшы келеді деп күтілуде. Алматы қ. әкімі Б. Байбектің айтуынша, Универсиада кезінде бес мыңдай шетелдік қонақтың қалаға келуі шағын және орта бизнеске 2 млрд теңгеден астам кіріс әкеледі, спортшылар мен жаттықтырушылардың атлетикалық ауылда өмір сүруі үшін қатысушы елдер шамамен 1 млн еуро төлейтін болады. Министрлер мен Алматы және Астана қалаларының әкімдерінің баяндамаларын толығырақ www.primeminister.kz сайтынан қараңыздар. 

Отандық кинематографияны дамытудың басым бағыттары туралы мәселелер Қазақстанның көрнекті театр және кино қайраткерлері А. Әшімов, А. Сатаев, Р. Әбдірашев, Р. Нұғманов, А. Ибраев және т.б. қатысуымен талқыланды. Өз сөздерінде олар саланың әрі қарай жетілуіне қатысты пікірлерін білдіріп, кинематография мен киноиндустрия жобаларын қаржыландыруға байланысты арнайы заңның қабылдану қажеттігін айтты. Баяндамаларды толығырақ www.primeminister.kz сайтынан қараңыздар.

Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр Дүниежүзілік банктің Вице-президенті С. Мюллермен кездесті. Кездесу туралы толығырақ www.primeminister.kz сайтынан оқыңыздар. 

18 қаңтарда Б. Сағынтаев «Балқаш ЖЭС» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.  

Елдегі инвестициялық ахуалды әрі қарай жақсарту мәселелері бейсенбі күні Үкімет басшысының «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының басқарма төрағасы У. Вокуркамен кездесуі барысында талқыланды. 

Осы күні Б. Сағынтаев еліміздің қаржы жүйесіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өткізді.  

20 қаңтарда Премьер-Министр Қауымдар палатасының Сыртқы істер және халықаралық даму комитетінің төрағасы Роберт Нолттың басшылық етуімен, Канаданың парламенттік делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Канаданың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы әрі қарайғы екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады. 

Сол күні Б. Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесу өткізді. 

Сонымен қатар, жұма күні Үкімет басшысы Қазақстанның бизнес ахуалын одан әрі жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіндегі еліміздің позицияларын жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар талқыланды. 

Сенбі күні Премьер-Министр Б. Сағынтаев Үкімет мүшелерімен әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.